жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
Мәртебелі көрермен!
26 АҚПАН " ОТЕЛЛО" трагедиясының премьерасына шақырамыз!
Авторы – У.Шекспир
Аударған – М.Әуезов
Қоюшы режиссер – Қ.Қасымов
Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері
Қоюшы суретші – И.Лунга
Киім үлгісінің суретшісі – М.Топанбаева
Биін қойған – Ғ.Алимбаева
Әлемдік классик, ұлы драматург Уильям Шекспирдің шығармалары қанша ғасыр өтсе де өз өзектілігін жойған емес. Бұл қойылым ержүрек Отеллоның айналасында жүріп пенделіктің пердесіне тұмшаланып, пұшайман күй кешкен тағдырлар шиеленісін көрсетеді. Сюжет желісіне мықтап зер салсаңыз осы заманның оспадар тұсын түйсініп түрлі сезімдерді бастан кешеріңіз анық...
Тұнық махаббат пен тұма сезімге тұзақ құрып, ғашық жандардың арасынадағы іңкәрлікке шоқ тастаған қаскөй кім? Қызғаныштың қызыл итіне таланған кімдер?.. Адамзатқа ортақ, өлмес тақырыптарды өзек еткен автордың мықтылығы неде?
Білгіңіз келсе «ОТЕЛЛО» трагедиясын тамашалаңыз!
Басталуы: 17.00
Билеттерді театр кассасынан немесе тикетон сайтынан алуға болады.