жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
"АРУ МЕН ХАНЗАДА " ЕРТЕГІСІ САХНАЛАНДЫ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Ю.Алесиннің "Ару мен Ханзада" ертегісі сахналанды. Балаларға арналған қызықты қойылымды өзіндік ізденістерімен театр режиссері Аян Алимбаев сахналады. Қоюшы суретші: Ирина Лунга, биін қойған – Ғазиза Алимбаева. Жаңа - жыл мерекесіне орай сахналанған әуезді де әсерлі ертегі балақайлардың көңілінен шықты.
Премьера! Премьера! Премьера!
Ертең "Ару мен Ханзада " ертегісінің премьерасы.
Авторы: Ю. Алесин
Қоюшы режиссері: Аян Алимбаев
Биін қойған: Ғазиза Алимбаева
Қоюшы суретші: Ирина Лунга
Бұл қойылым Анасынан жастайынан айырылған жетім қыздың тағдыры суреттейді. Таңның атысы, күннің батысы өгей шешенің өктемдігі мен оның еркетотай қыздарына күң болып қиянат көрген сұлу да ақылды қыз жайлы қызықты хикая. Күлқыз сүреңсіз күн кешсе де, жақсылықтан үмітін үзбейді. Себебі, қайырымдылықтың боларына сенеді. Хан сарайында өтетін салтанатқа өгей шеше екі қызын ертіп, Күлқызды үйге қалдырып кетеді. Адамгершілік пен ізгі қасиетті бойына сіңірген бойжеткен қанша қиындық көрсе де, мейірбан Феяның көмегімен салтанатқа тап болады. Сол жерде Ханзаданың таңдауы түсіп, бақытты ғұмыр кешеді. Ертегі қайырымдылыққа, адамгершілікке, мейірбандыққа, ізгілікке шақырады. Барша кішкентай көрерменді «Ару мен Ханзада» ертегісіне шақырамыз.