жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"ҚАЛДЫРҒАН" қойылымы сахналанды!
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында ақын, жазушы, драматург Төлеген Қажыбайдың 80 жылдық еске алу кешіне орай "Қалдырған" әдеби- музыкалық қойылымы сахналанды. Қойылымда автордың қаламынан туған тұма жырлары оқылып " Ар мен ақша " , "Жындар биі", "Ұмытпа мені гәккуім " пьесаларынан үзінділер көрсетілді. Жиынға Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері мен Төлеген Қажыбайдың рухани мұрасын дәріптеушілер және туыстары қатысты. Саналы ғұмырын жазуға арнап, қазақ сөз өнерінің дамуына зор үлес қосқан қаламгердің есімі мәңгі жасай бермек.
Қоюшы режиссері: Қазақстанның мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбай
Балетмейстер: Ғазиза Алимбаева
Хормейстер: Асылтас Балапайқызы
Қойылымға театрдың барлық артистері қатысып, көрерменге ерекше рухани кеш сыйлады. Сөз өнері жасай берсін дейміз!