жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
12.10.2022
XXVI ТЕАТР МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ХXVI театр маусымы "ӨМІР ДЕГЕН ОСЫ МА?.." драмасының премьерасымен ашылды. Көрермен жанарына жас үйіріп, жанын тебіренткен драма авторы Вина Дельмар, қоюшы режиссері Сафуан Рысбайұлы. Әке мен ананың қадір - қасиетін мансұқтап, адами құндылықтарды арқау еткен қойылым көрермен көңілінен шықты.
Спектакль соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы сөз сөйлеп театр артистеріне гүл шоқтарын ұсынды. Сондай - ақ театр басшысы м.а. Жарас Шотбекұлы жаңа маусымның ашылуымен құттықтап театрға бірінші боп келген көрерменге бір ай бойы театр қойылымдарын тегін тамашалауға мүмкіндік беретін абонамент сыйға тартты.
Жүрегіңізді шымырлатып, аласапыран күйге бөлеп, өмірдің өзін көрсететін қойылым премьерасы ертең тағы жалғасады.
Баршаңызды театрға шақырамыз!