жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК АКТЕРІ...
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының шоқтығы биік талантты актері, театр негізін қалаушылардың бірі, ҚР Мәдениет қайраткері Қайрат Мырзаболатов театр саңлақтарына арналған «Еңлікгүл - 2022» кәсіби сыйлғында «Жылдың ең үздік актері» номинациясы бойынша марапатталды. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін театр өнеріне деген мөлдір махаббатына дақ түсірмей, киелі сахнаның сайыпқыранына айналған, дарабоз таланттың еңбегіне лайық баға берілгені дүйім елді қуантты. Қайрат Мамытұлы 1963 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Үлке ауданында дүниеге келген. Жанарында жасын ойнаған өнерге құштар өрен 1995 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітіре салысымен өзі қатарлас жас әріптестерімен бірге Көкшетау төріндегі қазақ театрының уығын қадасып, шаңырағын көтерісуге келді. Тәй-тәйлаған жас театрдың алғаш ашылуында ойналған Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» қойылымындағы Қоңқай рөлі Қайрат Мырзаболатовтың кәсіби театр сахнасындағы алғашқы жұмысы еді. Сол бір жылт еткен алғашқы қадамынан бастап өзіне тән ерекшеліктерін айшықтап, адуынды артист екенін дәлелдеп сан түрлі образдардың галереясын жасап, қайталанбас бейнелерімен көрермен қошеметіне бөленіп келеді. Шахмет Құсайынов театры ашылған күннен бері театрмен бірге жасап келе жатқан сертке берік, сезімге бай актер Қайраттың театр өнеріндегі қайраткерлігі мен рөлге деген жауапкершілігі көпке үлгі көрерменеге мәлім. Сәні мен сымбаты келіскен небір қайталанбас сыршыл бейнелерімен театрға құштар көрермен көкейінен орын алып, қажырлы қызмет атқарып жүрген хас таланттың теңдессіз ойын өрнектері өзгеше мәнге ие. Қайрат Мамытұлының өнер қоржынында терең тебіреніспен өмірге келген өміршең туындылары өте көп. Солардың бірі У.Шекспирдің «Король Лир» драмасындағы Лир бейнесінің сәтті сомдалуы актердің шеберлік қырының айқын көрінісі бола білді. Әлемдік классикалық жанрларды жарқыратып көрсетуде актердің аз тер төкпейтіні белгілі. Қ.Мурзаболатов Сәкен Жүнісовтің «Абылай» драмасында Оразды, Қалдан Церенді, Бұхар жырауды бір біріне ұқсамайтын үш түрлі кейіппен сомдап өзіндік дара ізденісін көрсетті. Актер кейіпкердің ішкі жандүниесіне терең үңілуге құштар және психологиялық күйдің әр реттілігіне баса көңіл аударады. Оның сахнадағы қимыл-қозғалысы өте әсем, қоңыр дауысы құлаққа жағымды өзіндік бояуларымен баурайды. Бұл әсіресе И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында», Қ.Ысқақов пен Шаһимарданның «Мазарында» , Е.Төлеубайдың «Алдаспанындағы» - Бауыржан Момышұлын сомдаған басты ролдерде көрініс тауып жатты. Сонымен қатар, У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» - Ричард, Т.Уильямс «Құштарлық трамвайыдағы» - Стив, Э.Элис, Р.Риистің «1000000, немесе Zeroдағы» - Данкэн Мак Фи, А.Камюдың «Калигуласындағы» - Калигула, И.Ғайыптың «Махамбетіндегі» - Исатай, О.Бөкеевтің «Атау кересіндегі» - Таған, Б.Әлімжановтың «Біржан салдың шідеріндегі» - Көлбай, И.Ғайыптың «Хан Абылайындағы» - Кәбін, Т.Ахметовтың «Шәкәрім» - Федор Бак, М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегіндегі» - Таубай, Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күніндегі» - Едіге, А.Володиннің «P.S.Мен сені сағындымдағы» - Керилашивили, Д.Л. Кобурнның «Жын ойнағындағы» - Мартин, С.Балғабаевтың «Өтірік айтпайтын адамындағы» - Байжұма және тағы басқа кейіпкерлер актер Қайрат Мырзаболатовтың қиялынан бүршік атып, қайталанбас бейнелер болып өмірге келіп, көрерменнің көзайымына айналды. Өнер адамының бойындағы сыршылдық пен суреткерлік тоғысқанда топшысы қатайған қырандай қияндарға қанат сермері сөзсіз.Табиғаты драмалық және лирикалық кейіпкерлерімен үндесетін актердың ішкі тереңдігі мен жан тебіренісі кез-келген ролінен менмұндалап тұрады... Актер Қайраттың бабы мен бағын қатар ұштаушы жандардың бірі өнер мен өмірдегі қол ұстасқан қосағы, театр актрисасы, ҚР мәдениет Қайраткері Жанар Құсайынова екені сөзсіз. Қазақ театр өнерінің дамуы жолында аянбай тер төгіп қалтқысыз қызмет жасап келе жатқан жарасымды жұп Қайрат пен Жанардың өнер мен өмірдегі жолы кейінгі жас буынға теңдессіз үлгі-өнеге. Өз ісінің майталманына айналып, мамадығының жілігін шағып майын ішкен небір таланттар тасада жүргені әмбеге аян. Марапат-қошемет өнер адамына қанат бітіріп шабыттандыратын сиқырлы күш. Ел мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосса да елеусіз жүрген есімдер қаншама. Солардың ішінен дараланып Қайрат Мырзаболатовтың есімі елге насихатталып, лайықты марапатқа қол жеткізуі облыстық театрдағы таланттардың үміт отын қайта маздатты. Бұл үрдіс алдағы уақыттарда жалғасын тауып тасадағы театрлардың бақ жұлдызын жағады деген үміттеміз!
Манарбек ҚЫДЫРБАЙ
Шахмет Құсайынов атындағы
облыстық қазақ музыкалық
драма театрының
әдебиет бөлім меңгерушісі