жаналыктар
-
12.12.2025
Гастрольдік сапар
Бұрабай ауданы Щучинск қ.
-
11.12.2025
“Мировозренческие истоки казахского театра” атты баяндаманы Мәскеудегі өнер иститутында (ГИТИС)
Оқыған:Загир Исмагилов атындағы өнер институтының 2 курс студенті Қарлығаш Абдрахманова
-
04.12.2025
Ақмола облысы ТЖД мен театрдың шығармашылық ұжымының ынтымақтастығымен ұйымдастырылған
"Байқа балақай" балалар қауіпсіздік спектаклі өтті.
-
25.11.2025
«Құдіретті поэзия»айдарының екінші санын назарларыңызға ұсынамыз!
айдарының екінші санын назарларыңызға ұсынамыз! "Есіңде бар ма жас күнің" Авторы: Абай ҚұнанбайұлыӨлеңді оқыған: Мұратбек Оспанов Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері
31.05.2022
"10 ҚАРА ДОМАЛАҚҚА" СӘТТІЛІК!!!
Бүгін Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің "Драма театр артисі " мамандығының 4 - курс білім алушылары дипломдық спектакльдерін көрсетті. Дипломдық жұмыстары ретінде әлемге әйгілі Агата Крестидің "10 қара домалақ" детективті драмасын ойнады. Күрделі жанрдағы тың туындыны жоғары деңгейде көрсетіп, шынайы әрі сапалы жұмыс жасаған жастарға тәнті болдық. Бойларындағы жалын сөнбесе екен дейміз...
Курс жетекшісі әрі шағарманың сахналық нұсқасын жасап сахналаған "ҚР Мәдениет саласының үздігі" Маржан Бөкешова.
Осыған дейін драматург Қанат Жүнісовтың "Алғашқы махаббат " комедиясын ойнау арқылы өз біліктіліктерін шыңдап биік нәтиже көрсетіп жүрген болашақ артистер бүгінгі жұмыстары арқылы да өзге қырларынан танылып, нағыз сахна маманы болып қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Жауапкершілігі мол, бұралаңы басым театр саласының маманы болуға бекінген жастардың жанарынан жасын ұшқындайды. 4 жыл бойы білім алушыларды адамдықтың биік тұғырына жетелеп, мықты мамандар даярлап, теңдессіз театр педагогы Айжан Бәдірқызының ізін жалғап келе жатқан қажырлы ұстаз Маржан Бөкешованың еңбегі дара. Жыл сайын сан шәкіртті бауырына басып, қанатын қатайтып өнер айдынына жолдама беретін Ақансері колледжінің өзге де ұстаздары мен білім ордасының басшысы Құралай Ғазизқызына зор алғыс білдіре отырып қызметтеріне табыс тілейміз. Биыл оқу бітіретін білім алушыларға сәт сапар тілейміз! Армандары орындалсын!