жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
СПЕКТАКЛДЕН КЕЙІН "ПІКІР АЛАҢЫНЫҢ" ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін " Алло, мама" драмасының екінші күнгі премьерасы сәтті өтті. Көрермен жылы қабылдады.
Авторы: Барзу Абдураззаков
Режиссері: Тасқын Мажитов.
Спектаклден кейін театрға құштар көрермендердің қатысуымен "Пікір алаңының" отырысы өтті. Пікір алаңына қатысқан көрермендер "Алло, мама " драмасы жайлы өз ойларын ортаға салып , әсерлерімен бөлісті. Қойылым режиссері Тасқын Мажитов көрермендердің сұрағына жауап беріп, бұл қойылымды таңдаудағы басты мақсатын түсіндірді. Әдебиет бөлім меңгерушісі Манарбек Қыдырбай пікір алаңын жүргізіп, кездесу соңында көрерменге алғысын білдірді.
Ескерту:
Мәртебелі көрермен үшін ашылған "Пікір алаңының" отырысы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Қымбатты көрермен өздеріңізді толғандырған театр өнері мен біздің қойылымдар туралы сұрақтарыңыз болса пікір алаңынан табылыңыз!!! Біз үшін ойлы көрермен пікірі өте маңызды.