жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ТЕАТР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бүгін Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық - драма театрының туған күні. Театр 1996 жылы 6 - наурыз күні Ғабит Мүсіреповтың "Ақан сері Ақтоқты " драмасымен ашылды. Қоюшы режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров. Талантты жастардың басын қосып театр ашуға өзек болған алғашқы басшы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов еді. Мерейлі күнге орай театр ғимаратында мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Жақып Омаровтың есімін ұлықтау мақсатында "Құлыншақ пен Бөлтірік" ертегісі ойналып, Жақаң өмірінен сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылып көрерменге таныстырылды. Мерейлі мерекеге орай Қызылжар қаласынан арнайы келген С.Мұқанов атындағы облыстық сазды - драма театрының басшысы Біржан Жалғасбаев еліміздегі барлық театрлар атынан ақ тілегін жолдап ҚР Мәдениет қайраткері Қайрат Мырзаболатовқа шапан жапты. Сонымен қатар облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы, жазушы - драматург Жабал Ерғалиев, облыстық орыс театрының басшысы Бейбіт Салауатұлы бастаған өнер өкілдері ақжарма тілектерін айтты. Кеш соңында ҚР Мәдениет қайраткері, театр басшысы м.а. Жарас Қалдаров сөз сөйлеп театр қызметкерлерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.