жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
06.10.2021
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ЖАЗУШЫ - ДРАМАТУРГ ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВТЫҢ КЕШЕГІ ПРЕМЬЕРА ЖАЙЛЫ ТОЛҒАНЫСЫН ҰСЫНАМЫЗ!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ЖАЗУШЫ - ДРАМАТУРГ ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВТЫҢ КЕШЕГІ ПРЕМЬЕРА ЖАЙЛЫ ТОЛҒАНЫСЫН ҰСЫНАМЫЗ!
****
КЕШЕ (5 ҚАЗАН 2021 ЖЫЛ) КӨКШЕТАУДАҒЫ ШАХМЕТ ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ 25-ШІ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫМ. БҰЛ ТЕАТРҒА -25 ЖЫЛ! МҰНЫҢ АЛДЫНДА ОСЫ ШИРЕК ҒАСЫРЛЫҚ ҚҰРМЕТІНЕ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ БОЛЫП ӨТКЕН-ДІ. БҰЛ ТЕАТР КЕҢЕСТІК ИМПЕРИЯНЫҢ СІРЕСТІРІП ҚАТЫРАП ТАСТАҒАН ҚАЗАҚЫ РУХЫМЫЗ БЕН ӨНЕРІМІЗДІҢ МҰЗЫН ЖІБІТЕ, КӨҢІЛДЕРГЕ ЖЫЛЫ ШУАҚ ҰЯЛАТА БІЛГЕН ӨНЕР ОРДАСЫ. КӨКШЕТАУДЫҢ БАСЫНАН КЕШКЕН БАР ҚИЫНШЫЛЫҒЫН БІР ТАРТСА, ОСЫ ӨНЕР ҰЖЫМЫ ТАРТТЫ. ТЕАТРДЫҢ ІРГЕСІН ҚАЛАҒАН ӨНЕРДІҢ ӨЗ АДАМЫ МҰРАТБЕК ОСПАНОВ БАСТАҒАН ТЕАТР ҰЖЫМЫ ТАЛАЙҒЫ БІР СЫНДАРДАН АБЫРОЙЛЫ ӨТТІ, ТЕАТРДЫҢ ӨЗ АНАСЫ АТАНҒАН ЖІБЕК АПАМДЫ ДА ОСЫ ТЕАТРДА КӨРІП БҮКІЛ ЕЛ БОЛЫП ҚУАНЫП ЖАТАДЫ. БІЗ СОҒАН ДА ҚУАНАМЫЗ, РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!
-----------------------------------------------------------------------
Театр маусымы Медеу Сәрсекенің "ТЕНДЕРГЕ ТҮСКЕН КЕЛІНШЕК" драмасымен ашылды. Режиссері белгілі өнер адамы Оразхан Кенебаевтың бұл қойылымы өте сәтті шықты.
Ары кеткен, ұяты кеткен, адами қасиеті ада бола бастаған, қулығы мен сұмдығы үдеп бара жатқан, адам баласының бар тағдырын ақшамен ғана шешетін арсыз заманның бар қасіреті осы драманың өн бойында баяндалады.
Әрине, заманның бүгінгі келбетін актерлер танытуға тиісті болса, түрлі рольдерде ойнаған актерлер көрермен көңілінен шыға білді, Бұл менің өз пікірім! Таубай -Қайрат Мырзаболатов әлі де болса, ары мен ұятын, абыройын сақтап қалған қарапайым адамның бар екендігіне көңілді сендіре алды. Сол Таубай өз баласы үшін тығырыққа тірелген сәттегі жан күйзелісі мен қиналысын көргенде, Алла мұны ешкімнің басына бермесін деп тілеп отырдым. Қайраттың өз сомдауының шынайылығы мен шеберлігі бұл!
Өз басым Маржан Бөкешеваның сахнадағы әр рөлді сомдау шеберлігінің жетілген үстіне жетіліп, кемелденіп қалғандығына тағы да риза болдым. Бір ерекшелігі Маржан әйел жанының бар сезімін, қуанышы мен күйігін де, мұңы мен қасыретін де,, әйел көңілінің алабұртқан жан дүниесін мөлдіреген қос жанарымен таныта алады. Әр кейіпкерінің жан әлемі Маржанның көзінде тұрады. Бұл жолы да Сағила рөліндегі актер Маржанның өз кейіпкерінің шынайлығы тәнті етті. Баласы үщін шырылдаған Ана, құдай қосқан қосағына деген адал жар болғандығы жан баласын толғандырғаны анық! Алайда өз баласын құтқару үшін қара басы. арлы жаны саудаға түскен сәттегі Маржанның жан тебіренісіне түскен сәттегі қиналғаны мен күйзелгені бүгінгі күні қыз баланың, әйел затының тағдырының саудаға түскеніне кейір едің де, Әйел адамның ары, Әйел адалдықтың жары,Әйел тағдыр деген ойға берілдім! Сол әйел затының арын, біреудің адал жарын, әрбірден соң дүниенің тағдырын саудаға салған мына қоғамға қасқая қарсы тұрып, "Әйел затын жылата көрмеңдерші!" дегің-ақ келеді... Сағила -Маржан бізді осындай бір күйзеліске салды. Аман бол айналайын! Өнерің өрістей түссін!
Жанымда отырған Мұратбек бауырымнан танымаған актерлерді сұрап отырдым. Жорабекті ойнаған Еркебұлан жетіліп келеді екен; Сергейді ойнаған Асланбек өз кейіпкерінің рөліне әбден кірген екен деген ойымды айттым. Еркетай-Айару, Айнагүл-Ғалия да өз рөлдерін әсерлі етіп шығара білді, Өнерде толдым. болдым деген ешқашан болмайды ғой. Әр кейіпкердің өз жан-дүниесі бар. Сіздер сол бүгінгі айнала тіршіліктің бір сырын көрерменге ашып бердіңіздер! Рахмет! Өнерлеріңіз өрістей берсін!
Жабал Ерғалиев