жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
15.09.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясын ойдағыдай бітіріп, 1998 жылы Гульмира Жакилина Көкшетау облыстық қазақ музыкалық драма театрына шақырумен келіп, бірден Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» Баянның ролімен өнер жолын бастаған еді. Содан бері сан алуан рольдермен жұмыс жасай жүріп, оқу орнында түйгенін пайдаға асырып, бірталай тәжірибе жинақтады. Б. Әлімжановтың «Құдалық», «Отыз тістен шыққан сөз», Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» т.б. спектакльдерінде режиссердің талабына сай жұмыс жасауымен, актерлік нақышты ойынымен, әзіл-сықақ жанрындағы ерекшелігімен бірден көзге түсті. Өте қағілез, сезімтал актриса өзіне жүктелген көркем образды сәтті алып шығудың барлық айла-тәсілін іздеп табудан әсте жалықпайды.
Немқұрайлылық, салғырттық, ат үсті қараушылық Г.Жакилинаға тіптен жат мінез. Талмай ізденіп, барын салып, қара терін сапырып, құлшынып ойнау эмоциясы күшті, жауапкершілігі жоғары, күш қуаты мықты актерға тән болса керек. Актриса әрдайым осы үдеден, осы талаптан, осы биіктен көрініп келеді. Ол сомдаған Сүйімхан («Тіл табысқандар»), Майра («Анамның ақ көйлегі»), Әлия («Бір түп алма ағашы»), Гүлзи («Тағдыр»), қатарлы образдар өзіндік қайталанбас ойын өрнектерімен тәнті етті. «Томпақ қонжықтағы» оның Мысығы, «Балақай және Карлсондағы» Фрекенбогі әрдайымда жас балғын көрермендердің көңілін баурады.
2002 жылдың қорытындысы бойынша «Құрмет» сыйлығының лауреаты атанып, облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды және бағалы сыйлық алды. 2006 жылы наурыз айында Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасына ие болды. 2010 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының және Ақмола облысының мәдениет басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. Гүлмира бүгінгі таңда Нұр - сұлтан қаласындағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы. Әріптесіміз театрда ғана емес отандық кино туындылар арқылы да көрерменге жақсы таныс!
Ш. Құсайынов театрында ойнаған рольдері:
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» - Баян
«Құдалық» - Қыз
«Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Ляззат
«Келіндер көтерілісі» - Луфти
«Қорқақ көжек» - Көжек
«Он екі ай» - өгей қыз
«Король Лир» - Регана
«Ғасырдан да ұзақ күн» - Айзада
«Отыз тістен шыққан сөз» - Айсәуле
«Ақнұр» - Зейни
«Вестсайд оқиғасы» - Розалия-Гүлім
«Ғашықтар болмайтын ғасыр» - Райхан
«Сергелдең болған серілер» -
«Арман - Ақжелкен» - Нәзи
«Үміт» - Әлия
«Махаббат мейрамы» - Айгүл.
«Бір түп алма ағашы» - Әлия
«Үйленгім келмейді» - Тасбике
«Тағдыр» - Гүлзи
«Бұлтты түнгі толған ай» - Бәтжан
«Темір қатын» - Күмри әйелі
«Тойғандар мен тозғандар»- Жамал
«Күшік күйеу» - Биғайша
«Тойдан қайтқан қазақтар»- Жолсерік келіншек
«Ай тұтылған түн»- Шафақ
«Күзгі романс» - Назым
«Анамның ақ көйлегі» - Майра
«Тіл табысқандар» - Сүйімхан
«Ар және ақша» - Күмісбике
«Елгезек -Бағдаршам» - Мамақаз
«Томпақ қонжық» - Мысық
«Балақай және Карлсон» - Фрекенбок
«О, қыздар!» - Қарлығаш,Комендант
«Қар көшкіні»- шеше
«Империядағы кеш»-Ұлжалғас
«Әпендінің бес қатыны»- Зүбайда
«Құштарлық» трамвайы»- Стелла