жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
13.09.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
Иманғазинов Бағлан Садықұлы Алматы облысы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылында 1975 жылы туған. 1998 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітіріп, бірден Көкшетау театрына келген жас маман өзінің бауырмал, кішіпейіл, ақкөңілдігімен труппада тез тіл табысып кетті.
Өзіне сеніп тапсырылған рольдерімен зейінді, терең іздене жұмыс жасап, кәсіби мүмкіндігін көрсете білді. Актерлік шеберлігін шыңдай түсу үшін көп еңбектеніп, біраз жетістіктерге жетті, қазіргі уақытта жоғары санатты драма актері. Балаларға арналған спектакльдерде болсын, комедиялық, трагедиялық жанрларда болсын режиссердің талабына сай қызмет істеуге талаптану арқасында ірілі-уақты рольдерімен көрерменге танымал актердің біріне айналды.
Академияда алған теориялық білімін сахнада нақты ұштастырып жүрген жас талант. Болдым - талдым деп бой босатудан ада актер үнемі ізденістің үстінде жүреді. Білмекке құштарлық актер Бағланның ең жақсы қасиеттерінің бірі. Қарапайым, кішіпейіл мінезі кейбір кейіпкерлерімен үндесіп өмірдегі адаммен өнердегі актердің ара жігін жымдастырып жіберетіні бар. Образдың ішкі қайшылығына, ой-мінез тартысына ерекше мән береді. Кейінгі буынға ағалық танытып, тәжірибесімен бөлісіп, ұжымға кірігіп кетуіне себепкер жетекші-тәрбиеші де бола білді. Қалалық, облыстық шараларға да белсене араласып, концерт жүргізушісі, көркемсөз оқу шебері ретінде де белгілі актер. Ақмола облысының мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасымен, Қазақстан театр қайраткерлері одағының құрмет грамотасымен марапатталған. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
Қызметтес жолдастары қадірлеп, көрермені сүйсіне қол соғатын тәжірибелі, бесаспап маман Бағылан бүгінгі таңда Нұрсұлтан қаласында қызмет жасауда.
Ойнаған рольдері:
«Құдалық» - жігіт
«Үкілі Ыбырай» - Сағди Тілегенов
«Қожанасыр» - Жасауыл
«Ақан сері - Ақтоқты» - Мұрат
«Келіндер көтерілісі» - Мамыр
«Мұрагерлер» - жігіт
«Қорқақ көжек» - қозы
«Он екі ай» - сәуір
«Ревизор» - Петр Иванович Бобчинский
«Король Лир» - Альбон герцогі
«Ғасырдан да ұзақ күн» - Мәңгүрт
«Отыз тістен шыққан сөз» - Дайырман
«Вестсайд оқиғасы» - Арап
«Ақырғы әрекет» - Андрей
«Ер Төстік» - Мыстан кемпір
«Абылай» - Әлихан
«Бұлтты түнгі толған айында» - Уәкіл
«Калигула» - патриций
«Балқадиша» - Оспан
«Темір қатын»- Әлімжан
«Тағдыр»- Керім
«Қысылғаннан қыз болдық» - Ыбырай
«Үйленгім келмейді» - Кенжебек
«Арман-Ақ желкенінде»- Ескендір
«Анамның ақ көйлегі» -Кенже
«Күзгі романсында»- Сайлау
«Күшік күйеу»-Қабанбай
«Гауһар күшік»- капитан Др-р
«Бала Куай» -Тюа Ланг
«Ай тұтылған түн»- Диуана
«Мазар» - Қапал
«Адамдар мен тышқандар» - Бойшаң
«Ар және ақша» - Сәмеке
«Ақан сері - Ақтоқты» - Жалмұқан
«Құлыншақ пен бөлтірік»- Көк бөрі
«Империядағы кеш»- Айдар Сейтқалиевич
«Әпендінің бес қатыны» -Әпенді
«Хан-Абылай»-Дауашы
«Құштарлық» трамвайы»- Стенли Ковальский
«Науан Хазірет»- Мәмбетәлі Сердалин
«Біржан салдың шідері»- Әзілкеш
«Жан шырылы»-Аян
«Люстра»- Марс
«Батырлық жолы»-Мәлік Ғабдуллин
«Апалы-сіңлілі үшеу»-Тузенбах
«Ричард»- Стенли
«Қилы жол»- Жәнібек, т.б.