жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
02.09.2021

БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.

АРЗЫМБЕТОВА ЗАФУРА ТӘҢІРБЕРГЕНҚЫЗЫ Өзбекстан республикасы Ходжейли қаласында 1968 жылы дүниеге келді. М.Әуезов атындағы театры жанындағы театр студиясын тәмәмдап Талдықорған облыстық театрында біраз тәжірибе жинақтаған. Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры ашылған күннен бері еңбек етіп театр негізін қаласушы талаттардың бірі. Зафура өзіне тапсырылған рольдерімен тиянақты жұмыс жасап, режиссерлердің ойынан шыға білетін актриса. Оның өзіңдік ойнау машығы қалыптасқан. Сахнадағы ішкі және сыртқы үйлесімге көбірек мән береді.
Артық қозғалыс, ащы дауыс, айқай-шу эфекті З.Арзымбетоваға жат әрекет. Негеде болса, сабырмен, ақылмен, байсалдылықпен қарайтын оның мінез қырлары өзі сомдаған образдарға сіңісіп жатады.
Ол бейнелеген Уәкилә («Мезгілсіз махаббат»), Бибіжан («Бұлтты түнгі толған ай»), Мәдина (Ең әдемі келіншек), Сюзанна «Күзгі романс», Фатима «Махамбет» т.б. образдары Зафураға тән қолтаңбамен ерекшеленеді.
Концерттерге скеч жазуы ойлы, мазасыз өнерпаздың тағы бір қыры. Қай жанрдағы шығармалармен жұмыс жасаса да, бойында бар дарынын қажетіне қарай пайдалана біледі. 2007 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің сыртқы бөлімін бітіріп жоғары білім алды.
Көкшетау қазақ лицейінде драма үйірмесін ұйымдастырып, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысына ұстаз ретінде де атсалысты. Көкшетау университетінде де театр студиясын ашып өнер сүйер жастарға дәріс берді.
2006 жылы театрдың 10 жылдығына орай Ақмола облысы әкімінің және ҚР мәдениет министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды. 2011 жылы Ақмола облысының әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісіне ие болды.
Сомдаған рөлдері:
"Ақан сері - Ақтоқты" - Жеңге, "Құдалық" - құдаша, "Үкілі Ыбырай" - Кәкиманың жеңгесі, "Алдар Көсе " - Дәметкен, " Ең әдемі келіншек " - Мадина, "Пай - пай, жас жұбайлар - ай" - Бану, "Шығыс хикаялары " - Шахрезада, "Келіндер көтерілісі " - Башорат, " Мұрагерлер " - комиссия мүшесі, " Он екі ай " - Гормейстерине, " Ревизор" - Анна Андреевна , " Ғасырдан да ұзақ күн " - Өзге планеталық бейне, " Отыз тістен шыққан сөз " - Сәлсәбила, " Ветсайд оқиғасы " - Вельма, " Үйлену " - Арина Пантелеймоновна, " Үміт " - Шолпан, " Мезгілсіз Махаббат" - Уәкила, "Атау кере" - Марфа, "Күзгі романс " - Сюзанна, "Ағнұр" - ана, " Сыған серенаданасы " - ана, "Анамның ақ көйлегі " - Зылиқа, " Махамбет " - Фатима, " Кенесары - Күнімжан " - Хадиша, " Ричарт III " - королева Елизавета тб