жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
01.09.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
Ербай Дүнгененов – театрдың негізін қалаушылардың бірі Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясының түлегі. Ербай Дүнгененов алғашқы қойылымдарда – ақ өзінің сахналық шеберлігінің мол екенін: сахна тілі, сахна қозғалысы, ым-ишарат, дауыс мүмкіндіктері мол екенін көрсетті. Рольдерімен жұмыс барысында өзіндік көзқарасын танытып, Кейіпкерлерінің мінез-құлық ерекшеліктерін дәл тауып, ұтымды шешім қабылдайды. Эмоциясы күшті, тебіренісі тегеуірінді, болмыс бітімі қуатты актердің ойын өрнегі өзгелерді әсте бейтарап қалдырмайды. Жасындай жарқылдап, жанталаса ойнау Ербайға тән ерекшелік.
Арнасынан асып төгіліп тұратын қуатты образдарды қолдауға бейім актер. Оралхан Бөкей атындағы II және III Облыстық көркемсөз байқауында бас жүлдеге ие болды (1999,2000 ж.ж.). 2001 жылы Мини комедия блиц-фестивалінда Г.Миргалиеваның «Конвейер» спектаклімен Гран-при алып, лауреат атанды. 1999 жылы Республикалық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанды. Театр өнері хақындағы өзіндік көзқарасы, ой-пікірі, батыл ізденістері оның режиссерлік қабілетін ашты. Ізденімпаз, еңбекқор, ойлы маман 2007-2011 жылдары актер МХАТ жанындағы А.П.Чехов және Вс.Мейрхольд атындағы мектеп студиясын мастер В.Фокиннің класын театр режиссері мамандығы бойынша тамамдады. Қазір режиссерлік жұмыспен біржола айналыса бастады. 2011 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклін қойып, Мәскеуде алған білімінің алғашқы жемісін көрсетті.
Сахна шебері санатына жеткен дарынды өнерпаз бірнеше дүркін Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісіне ие болды.
Театрда актер ретінде қызмет еткен жылдары сахнада сомдаған рольдері: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Жантық, «Құдалық» - Қырындағыш, «Үкілі Ыбырай» - Ақан сері, «Қожанасыр» - Бас уәзір, «Алдар Көсе» - Алдар, «Ең әдемі келіншек» - Алтай, «Пай-пай, жас жұбайлар - ай» - Багратион, «Біржан сал» - Ержан, «Ақан сері - Ақтоқты» - Жалмұқан, «Шығыс хикаялары» - Али-баба, «Келіндер көтерілісі» - Мекентас, «Он екі ай» - Канцлер, Наурыз, «Ревизор» - Амос Федорович, Ляпкин-Тяпкин, «Жындар биі» - Ібіліс, «Конвейер» - Ербай, «Король Лир» - Эдмунд, «Ғасырдан да ұзақ күн» - Сәбитжан, «Ветсайд оқиғасы» - Рефор, «Үйлену» - Кочкарев досы, «Абылай» - Әбілмәмбет, «Тағдыр» - Саяқ.
Режиссер ретінде қойған қойылымдары: Ә.Тауасаров «Махаббат аралы», О.Бодықов «Үйленгім келмейді», Қ.Қалқатаев «Мақта қыз бен мысық», Ж.Қамбаров «Сиқырлы сыбызғы», С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр», С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық», «Темір қатын», А.Наймантаев «Жоғалған каникул», Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты».