жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
01.09.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
Қалқатаев Құмарбек Окенұлы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жылытау ауылында 1963 жылы маусымның 10-да туған. Театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Құмарбек Қалқатаев өзінің жан-жақты интеллектуалдық мүмкіндіктерімен танылып жүрген кәсіби маман иесі. Әркез тың ізденістерімен, ойлы, салмақты іс-әрекеттерімен театр ұжымының және көрермендердің көңілінен шығып жүр. Әрбір ойнаған образдарына терең мән беріп, оның сапалы шығуына жете көңіл бөледі. Сондықтан да ол сомдаған бейнелер ұлттық нақышта көрініс тауып жатады.
Сонымен бірге домбыраның қос құлағында шебер ойнайтын орындаушы, Арқаның асқақ үнді әндерін нақышын келтіріп айтатын тамаша әнші. «Өлең сөзге әркімнің бар таласы» - деп ұлы Абай айтқандай, өлең сөздің де өзіндік өрнегін тауып жүрген ақын жанды азамат һәм сыршыл үннің сырнай сазды сазгері. Композитордың 30 астам әндері Республикалық «Балбөбек», Халықаралық «Шаттық» конкурстарында жеімпаз аталған. Құмарбек Қалқатаев сөзіне жазылған «Ахау, елім» әні 2010 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт», «Жас қанат», Черногорье қаласында өткен «Славянский базар» халықаралық фестивальдарында «Гран при» жүлдесіне ие болды.Сазгер жазған «Көкшетау», «Туған жер - сағынышым» әндері тыңдарманнан өз бағасын да алып үлгерді. Сонымен қатар, көптеген ертегілерді қазақ тіліне аударып, аудармашылықпен де айналысты. Сондай-ақ В.Шаинскийдің «Чунга-Чанга», «Буратиноның», «Тасбақа Тортилланың» әндерін қазақшалаған. Балаларға арналған ертегілер мен концерттік бағдарламаларының режиссері ретінде де танылып көзге түсті. Облыстық, қалалық шаралардың бел ортасынан көрініп, Көкше жұртына танымал болған тұлға. Республикалық халық композиторлары әндерін орындаушылар фестиваліне қатысып, бағалы сыйлықпен марапатталды, Республикалық «Ата мұра» фестивалінің лауреаты.
2010 жылы Қ.Қалқатаевтің «Туған жер – атамекенім» әні Қазақстан композиторлар арасында өткен «Елім менің» Республикалық патриоттық әндер конкурсында жүлделі орынға ие болды. Қ.Қалқатаев «Шаңырақ - 2010» жыл әні байқауынын лауреаты.
2013 жылы актердің 50 жылдық мерейтойына орай театр сахнасында тұңғыш рет моноспектакль қойылды. Қ.Жүнісовтің «Әншінің пірі-Әміре» моноспекталі Құмарбек Қалқатаевтың актерлық, әншілік қарымын танытатын тың дүние.
2016 жылы Т.Ахметовтің «Шәкерім» спектаклінде Құмарбек Қалқатаевпен сәтті сомдалған Шәкерім образы театр сүйер қауымды елең еткізді. Режиссердің қойған талабына сай ізденіп, образдың ішкі-сыртқы мінездемесін шебер тауып, актер Құмарбек Қалқатаевтың шеберлігінің айқын көрінісі болды.
Қалкатаев Құмарбек Окенұлы ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Мәдениетті дамыту және насихаттау жолында 2006 жылы «Мәдениет қайраткері» ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет белгісіне ие болды, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Ақмола облысы әкімінің, Ақмола облысы мәдениет басқармасының Құрмет Грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Құмарбек Қалқатаев қазіргі таңда Нұр - сұлтан қаласында қызмет жасауда.