жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
30.08.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
ЖҮНІСОВА АЙНА ХАЙДОЛЛАҚЫЗЫ Ресей федерациясы Омбы облысы Омбы қаласында 1970 жылы туған. 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтын бітіріп, жолдамамен Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына келіп табысты еңбек етті. Өзіне тән нәзіктігі мен ән айтуға икемділігі сазды қойылымдарда еркін, тартымды жұмыс жасауына көп көмегін тигізді. Режиссердің талабына сай дәл әрекет етіп, партнерлерінің өсуіне, сахналық шынайы қарым-қатынастың туындауына себепті бола біледі. Шеберлігін шыңдап, техникасын жетілдіру жолында тынымсыз еңбек етіп, білімін, танымын кеңейтіп отырады.
Труппада өзіндік орыны бар, сыйлы актриса.Табиғи дарыны мен сүйкімі көрерменнің көзайымына айналдырды. Кішіпейіл, ақ жарқын мінезі әрдайымда өз ортасында оны кісілік қарым-қатынастың өзгеше сипатына бөлеп келеді.
Кішіге қамқор, үлкенге ізетті А.Жүнісова отбасында сүйікті жар, үш балаға аяулы ана. Актриса 2010 жылы «Отбасы – алтын бесік» атты республикалық жанұялық сайысқа қатысып, өнерлі отбасы бас жүлдесін - Гран-приді Көкшетауға алып келді. Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын актрисаның бойындағы ұлтжандылық қасиет оны өзгелерден ерекшелеп тұрады. Ол Ресейдің Омбы облысында тұратын қазақ диаспорасымен, олардың «Мөлдір» атты мәдени-рухани орталығымен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Әуезді әнімен, жігерлі болмысымен, талапшыл талғамымен ортасын, көрермендерін тәнті етіп келе жатқан өнер иесі.
2006 жылы театрдың он жылдығында Мәдениет қайраткері белгісіне ие болды, 2001 жылы Ақмола облысының мәдениет басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған. 2011 жылы Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Қазіргі таңда Нұр - сұлтан қаласында қызмет жасауда.