жаналыктар
-
30.06.2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындауға байқау жарияланды.
Талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.
-
18.06.2026
"Адалдық өзіңнен басталады" жобасы
"Тендерге түскен келіншек" драмасы, авторы М.Сарсекеев, қоюшы-режиссері:О.Кенебаев
-
17.06.2026
«Жан жылуы» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
Щучинск қаласында,
-
17.06.2026
Гастрольдік сапар Бурабай ауданы Щучинск қаласы
"Өтелмеген парыз" драмасы Авторы:Т.Әбдік, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов
27.08.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
Сафуан Шаймерденов – 1974 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтын әнші - актер мамандығы бойынша бітіріп, курстастарымен бірге Көкшетауда жаңа ашылған театрға жас актер болып келді. Ол өзіндік дара бейнесімен көрермен көңілін баурап жас театрдың қаз - қаз тұруы жолында аянбай тер төкті. Сахнада Сафуан сомдаған образдар әлі күнге әріптестерінің жадында, көрерменнің аузында. Таланты адамға қайда болсын тұсау жоқ. Сафуан кейінгі жылдары режиссерлық қырымен де көрініп сәтті қойылымдар сахналап жүр. Ол бүгінгі таңда елімізге танымал өнер иелерінің біріне айналып үлгерді. Оның бет - бейнесі кино актері ретінде де көрерменге жақсы таныс. Бүгінде актерлығымен, режиссерлығымен, кино - телевизия саласын қатар алып жүрген Сафуан Шаймерденовты Шахмет Құсайынов театрының ұжымы мақтан тұтады.