жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
26.08.2021

БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.

Қөңбай Төлеубек Монғол халық республикасының Баян өлгей аймағында 1974 жылы ақпанның 24-де туған. Көңбай Төлеубек 1996 жылы театрға келгенге дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітіріп, жолдамамен барып Арқалық театрда бір маусым қызмет істеп Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына келген болатын. Кез келген режиссерлердің талабына сай, жоғары кәсіби деңгейде жұмыс жасай алатындығын танытып келеді. Таптаурындыққа ұрынбай әр кез жаңарып отыруды әдетке айналдырған. Тапсырылған әр ролімен жұмыс барысында суырып салушылығы, сөйлеу мәдениеті ерекше көзге түседі. Комедиялық жанрда да, трагедиялық қойылымдарда да образдарын ашу жолында көп ізденіп, образдың сыртқы мінез-құлқын, түрлі дәлелдемелер табуда шеберлік танытып жүрген актер. Көркем бейненің фактурасына жіті көңіл бөледі және сөз саптау, дауыс ырғағы арқылы образды ашуға көп күш салатын әртіс. Ол сахнада сомдаған әр образ өзіндік қайталанбас қолтаңбасымен өріліп жатады, актер өмірдегі, көркем образдағы шынайылыққа ұмтылады.
Т.Көңбайдың Шарышы («Абылай» тарихи толғауында), Мылқауы («Ақан сері Ақтоқты») Алтайы («Ең әдемі келіншек»), Мақсұты («Анамның ақ көйлегінде») бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлқымен, тағдыр-тартысымен ерекшеленіп, көрермендер мен театр сыншылары тарапынан жақсы лебізге бөленіп жүрген талант иесі. 2016 - 2020 жылдары Көңбай Төлеубек театрдың көркемдік жетекшісі болып қызмет жасады.
Төлеубек Көңбайұлы театрмен ғана шектелмей кино актері ретінде көзге түсіп жүр.
Көңбай Төлубек мәдениетті дамыту және насихаттау жолында 2006 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісіне ие болды, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Ақмола облысы әкімінің, Ақмола облысы мәдениет басқармасының Құрмет Грамоталарымен бірнеше рет марапатталды, «Шабыт» фестивалінің лауреаты.