жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
26.08.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
КАЛДАРОВ ЖАРАС ШОТБЕКҰЛЫ Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Абай ауылында 1974 жылы туған. 1995 жылы Т. Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. Алғашқы еңбек жолы Шахмет Құсайнов атындағы театрда басталып, тұңғыш ролі театр шымылдығын ашқан «Ақан сері - Ақтоқты» спектакліндегі Ақан ролі. Табиғилығы, сахналық сүйкімі, жастық жалыны бар актер бірден көрермен сүйіспеншілігіне бөленді.
Жауапкершілігі мен іштей ізденісі мол, зерек актер режиссерлердің сенімінен шығып, жыл санап шыңдалу, өсу деңгейін көрсетіп келеді. Театр труппасында өзіндік ойын машығы бар актер. Ширақ қимыл, шұғыл шешім, кесек бітімді образдарды сомдауға ыңғайлы. Айталық, Сәкен сері Жүнісовтің
«Абылай» тарихи толғауында Ж.Қалдаров сомдаған Сабалақ – Әбілмансұр бейнесі өткір мінезімен, өміршең іс-әрекеттерімен, қайтпас қайсарлығымен ерекшеленді. Үні айқын, әрі сөзі еркін естіліп тұратын дауыс пен қимылды қатар алып жүретін талантты актер. 1999 жылы Қарағандыда өткен VII республикалық театр фестивалінде «Ең үздік ер адамның ролі үшін» сыйлығына ие болды. 1999 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. 2000 жылы Астана қаласында өткен О.Бөкей атындағы көркем сөз шеберлерінің байқауының лауреаты атанды. 2001 жылы Алматы қаласында өткен «Ойын арзан, күлкі қымбат» Республикалық фестивалінің Гран-при иегері.
Театрдың он жылдыңында, 2006 жылы «Мәдениет қайраткері» төс белгісіне ие болды. Жарас Қалдаров жылдар бойы театрда «Жылдың үздік актері» атанып келді. Шебер актерлығымен қатар концерттік бағларламалардың қоюшы режиссері ретінде де танылып кееледі. 2015 жылы жоғары мемлекеттік наградамен Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Талантты актер Жарас Қалдаров Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында 1996 - 2017 жылдары жемісті қызмет атқарды.