жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
24.08.2021

БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.

Мырзаболатов Қайрат Мамытұлы –1963 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Үлке ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Т. Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. Кәсіби сахнаға шыққан алғашқы ролі Қоңқай арқылы өзінің табиғи мүмкіндігінен хабардар еткен жас актер, кейінгі қойылымдардың барлығында дерлік басты рольдерді ойнап келеді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлудағы» - Қарабай образы театр сүйер қауымның жүрегінен орын алып актер беделін биіктетті.
Ол театр ашылған сәттен бері режиссердің қойған талабына сай ізденіп, образдың ішкі-сыртқы мінездемесін шебер тауып, қайталанбас кейіпкерлер галлереясын жасап келеді. Қимыл-қозғалысы сымбатты, әуенділігімен ерекшеленеді.
В.Шекспирдің «Король Лир» драмасындағы Лир бейнесінің сәтті сомдалуы актердің шеберлік қырының айқын көрінісі бола білді. Әлемдік классикалық жанрларда жарқыратып көрсетуде актерлардың аз тер төкпейтіні белгілі. Шындығына келгенде актердың құдыреті оның жасаған образының һәм ролінің шынайлығында. Қ.Мырзаболатов Сәкен Жүнісовтің «Абылай» драмасында Қалдан Церенді де өз деңгейінде алып шықты. Актер кейіпкердің ішкі жандүниесіне терең үңілуге құштар және психологиялық күйдің әр реттілігіне баса көңіл аударады. Бұл әсіресе И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында», Қ.Ысқақов пен Шаһимарданның «Мазарында» сомдаған басты ролдерде көрініс тапқан.
2000 жылы Халықаралық «Шабыт-Миллениум» фестивалінің лауреаты атанды. ҚР Театр қайраткерлері одағының, Ақмола облысы әкімінің, Ақмола облысы мәдениет басқармасының, қала әкімінің Құрмет грамоларары және алғыс хаттарымен марапатталды. 2006 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісін иеленді. Қайрат Мырзаболатов пен жары Жанар Құсайынова театр ашылған сәттен бастап қол ұстасқан бір сахнада жасап келе жатқан талант иелері. Олар қазіргі сәтте Шахаң театрының аға буын өкілдері санатында қызмет жасап, кейінгі жастарға үлгі болып келеді.