жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
23.08.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ. БАҒЫСОВА ЖІБЕК ЕСЕКЕҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасының Халық әртісі. Жібек Есекеқызы Бағысова 1940 жылы 8 - қазанда көгілдір Көкшенің көрікті баурайындағы Степняк қаласында дүниеге келген. Балауса ғұмыр балалық шағы атақты Бурабай баурайында өтеді. Өміршең өнердегі алғашқы қадамы ұлттық киноматографияның алтын қорына енген «Ботагөз» фильмінен басталған еңбегі жас жүрекке үлкен арман ұялатып, ұлы мақсатқа жетеледі. Сахнадағы алғашқы еңбек жолын 1959 жылы Талдықорғандағы қазақ театрынан бастаған өнерлі қыз 1960 жылы Қызылордаға көшірілген театр құрамында Сыр өңірінің сырбаз көрермендері алдында шынығып-шыңдалды.
Міне содан бергі Жібек апамыздың ұлағатты да тәлімді ғұмырын жылы сахна төрінде өнермен өрнектеліп келеді. Қазақ драматургиясындағы айтулы шығармалармен қатар, шетел қаламгерлерінің де озық пьесаларында бір-біріне мүлде ұқсамайтын қыздар тағдырын, әйелдер образын, аналар бейнесін жан-жақты етіп жарқыратып көрсететін шығармашылық қарымы мол актриса Көкше елінің мақтанышы.
Жібек Есекеқызының еңбегі әрдайым лайықты бағасын алып, сонау 1967 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі атанып, 1980 жылы Қазақ ССР-нің Халық әртісі құрметті атағына ие болды. Шығармашылық мүмкіндіктері толық айқындалып, толайым табысқа жетіп, толысқан шағында туған өлкеге, тұғырлы мекенге біржола оралуы өнер майталманының жаңа бір тынысын ашқандай болды. Сахна сырын меңгере жүріп атқарған қыруар еңбегі мен тірнектеп жинаған абыройы халықтың таңдаулы актрисасын 2011 жылы «Парасат» орденінің иегері етті. Ұлттық өнердің ошағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ақ жаулықты анасы, сахна саңлағы, тәжірибелі тәлімгері Жібек Есекеқызы Бағысоваға 2010 жылы берілген «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» мәртебесі, ел-жұртының өнер иесіне деген зор құрметінің белгісі. 2001 жылы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Алғыс хаты, 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі де театр өнерінде өз қолтаңбасын қалдырып, киелі жолдағы биік-биік асуларды бағындырған Жібек Бағысованың тума талантына берілген жоғары баға.
Өмірдің айнасы іспеттес театр сахнасында көрерменін адалдық пен адамгершілікке, парасаттылық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеп, адамзаттың бойына ізгілік дарытып, өнер атты қиын да қызықты жолмен жүріп келе жатқан актриса Жібек Бағысова, қоғамның руһани дамуына қомақты үлес қосып келеді.