жаналыктар
-
30.06.2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындауға байқау жарияланды.
Талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.
-
18.06.2026
"Адалдық өзіңнен басталады" жобасы
"Тендерге түскен келіншек" драмасы, авторы М.Сарсекеев, қоюшы-режиссері:О.Кенебаев
-
17.06.2026
«Жан жылуы» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
Щучинск қаласында,
-
17.06.2026
Гастрольдік сапар Бурабай ауданы Щучинск қаласы
"Өтелмеген парыз" драмасы Авторы:Т.Әбдік, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов
20.08.2021
БИЫЛ ШАХАҢ ТЕАТРЫНА 25 ЖЫЛ. 25 ЖЫЛДЫҚҚА ОРАЙ ТЕАТР НЕГІЗІН ҚАЛАСУШЫЛАР ТУРАЛЫ ШАҒЫН МӘЛІМЕТ ҰСЫНАМЫЗ.
Оспанов Мұратбек Үкібайұлы - Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, 1957 жылғы 17 қарашада Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Мамай ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Алматы Мемлекеттік театр және сурет өнері институтын тәмамдағаннан кейін Мәдениет Министрлігінің жолдамасымен М.Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына актер болып орналасқан. Аталмыш театрда бір қатар басты рольдерді ойнаған. 1980 жылы М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы бойынша қойылған спектакльде Кебектің ролінде ойнап «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты атанған.
Көкшетауда қазақ театрын ашу мақсатында, Алматыдан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының бір топ жас түлектерін бастап әкеліп, 1995 жылдың 1-інші қаңтарында Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды. Ұжымға алғашқы басшы болған, жылдар бойы қажырлы еңбекпен жетелей жүріп театр труппасын қалыптастырған, режиссер ретінде сахнада талай туындыны көрерменге жеткізген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Үкібайұлы Оспановтың еңбегі зор. Бүгінгі таңда Мұрат Үкібайұлы аталмыш театрдың басшысы.