жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
КӨКШЕТАУДА АЙМАҚТЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
Биыл Көкшетау топырағындағы ірі мәдени ошақтардың бірі, руханияттың алтын бесігі, өнердің қара шаңырағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына 25 жыл.
Ең алғаш театр шымылдығы Ғ. Мүсіреповтың "Ақан сері Ақтоқты " драмасымен ашылды. (Режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров.)
Ширек ғасыр бойы үздіксіз қызмет жасап сахнаның сәні боп келе жатқан Шахаң театры көптеген белестерді бағындырып өз көрермендерін ұдайы қуантып келеді.
Әлемді сарсаңға салған індеттің кесірінен театр мен көрермен арасындағы байланыс әлсіреп, күллі сала шарасыз күй кешіп тығырыққа тірелгені әмбеге аян. Десе де қазақ театры өз бағытынан жаңылмақ емес. Театрдың кезекті XXV - маусымында көрерменге ұсынар тың қойылымдары мен жаңашыл жаңалықтары көп болмақ. Басты жаңалықтардың бірі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шахаң театрының 25 жылдығына орай III - Аймақтық театрлар фестивалі ұйымдастырылмақ. Фестиваль 2021 жылдың 17 - 20 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Көкшетау төріндегі театр мерекесіне Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларындағы облыстық қазақ театрлары қатысады деп күтілуде.
XXV - театр маусымы 9 қыркүйек күні Медеу Сәрсекенің "Тендерге түскен келіншек" драмасының премьерасымен ашылатын болады. Адами құндылықтарды алға тартып, қоғамның қордаланған мәселелерін өзек еткен жан тебірентер қойылымның сахналаушы режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев.
Сонымен қатар жаңа маусымда А. Цагарелидің "Ханума" комедиясы ( реж: Б.Абдрахманов), Д.Кобурнның "Жынойнақ" трагикомедиясы ( реж: А.Алимбаев), М.Машаду "Бразилия байлығы" ертегісі (реж: Т.Мажитов) сынды жаңа қойылымдар көрермен назарына ұсынылады.
Қазақ театры көрермен қауіпсіздігі үшін, кезекті театр маусымын пилоттық режимідегі "Аshyq" қолданбасы арқылы жалғастыратынын хабарлайды!
Өзіңіздің және жақындарыңыздың саулығы үшін басқа да сақтық шараларын ұмытпағайсыз!
Театрда қауышайық!
МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ
Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының әдебиет бөлім меңгерушісі