жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
ТЕАТРҒА ЖАҢА РЕЖИССЕР ШАҚЫРЫЛДЫ
Шахаң театрында жаңа қойылым сахналау үшін Алматы қаласынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев арнайы шақыртылды. Режиссер жаңа маусымда драматург Медеу Сәрсекенің " Тендерге түскен келіншек" драмасын көрермен назарына ұсынбақ! Тәжірибесі мол, талғамы биік әріптесімізге сәттілік тілейміз!
Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев (1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Төңкеріс ауылында туған) —актер. театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ:
Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс елшісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттыңғажап әні» (Қожақ), «Атжылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнайды. «Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні» (Барлаушы), «Қазақфильм» киностудиясының «Әлия» (Солдат), «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде ойнаған.
Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысы», Б. Мұқайдың «Кавалерлері», О. Боранбаевтың «Баламуты», Қ. Мұхаметжанов пен Ш. Айтматовтың «Фудзиямадағы кездесу» және басқалар. М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда «Қобыланды» спектаклінің қойылымы үшін «Ең үздік режиссер» Бас жүлдесін алған.