жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Театр ұжымы кезекті еңбек демалысынан оралды!
Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры ұжымы кезекті еңбек демалысынан соң жұмысқа қайта кірісті.
Театрдың жаңа маусымында көрерменге ұсынар жақсы жаңалықтарымыз көп болмақ.
Биыл Шахаң театрына 25 жыл. Ширек ғасырлық тарихы бар өнер ордасының мерей тойы мен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қыркүйек айында III - аймақтық театрлар фестивалін өткізу жоспарлануда.
Тағы бір шуақты жаңалықтың бірі театр репертуарын өзге режиссердің қол таңбасымен толықтыру мақсатында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер , режиссер Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев арнайы шақыртылды.
Жаңа маусымда О.Кенебаевтың қол таңбасымен М.Сәрсекенің "Тендерге түскен келіншек " драмасы көрерменге жол тартатын болады!!! Сонымен қатар басқа да жаңа қойылымдар көрерменге жол тартады деп күтілуде.