жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
20.06.2021

АҚ ХАЛАТТЫ ЖАНДАР ЖАСАСЫН!!!

      Әлемде бірнеше теңдессіз мамандық иелері бар. Соның бірі – медицина қызметкері.
Басы ауырып, балтыры сыздаған кез - келген пенденің жердемшісі һәм үкілі үміті қашанда ақ халаттылар.
Оларды бүгінгі күннің қахарман батырлары десек қателеспейміз. Медицина қызметкерлері көзге ъжъ қатерлі індеттен адамзаты азат ету жолында, табандылықпен күрес жүргізуде! Дертті жанға дауа болған, болмысы бөлек бегзада мамандық иелерінің қадыр - қасиеті қашанда артық тұрмақ!
Бүгін Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында барша медицина қызметкерлерінің құрметіне арналып "Ақ халатты абзал жан" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында мереке иелеріне арналып ақ тілектер айтылып әсем әннен шашу шашылып театр артистері өнер көрсетті.
Медицина қызметкерлері күнімен барша ақ халаттылар қауымын құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына бақыт-береке тілей отыра театрымыздың әдебиет бөлім меңгерушісі, ақын Манарбек Қыдырбайұлының дәрігерлердің құрметіне арналған "МЕЙІРБАНЫМ" атты жыр жолдарын ұсынамыз!
 
МЕЙІРБАНЫМ
 
О, дәрігер тайсалмас қаһарманым,
Таусылмасын жалғанда татар дәмің.
Адамзаттың үміті сендерсіңдер,
Азаймасын ешқашан қатарларың!
 
Сын сағатта сынбаған, сүрінбеген,
Дертті жанға дем беріп күлімдеген.
Көрінбейтін қатермен арпалысқан,
Минут. Сағат. Күнің мен түнің де елең.
 
Бас иемін өзіңдей ізгі адамға,
Ең ардақты асыл жан Сіз ғаламда.
Күндіз демей, түн демей жәрдемдестің,
Бас ауырып, балтыры сыздағанға.
 
Балықшыдай індетке ау, тастадың,
Есен болсын -- су, ауа, тау-тастарым.
Салың суға кетпесін шипагерім,
Құлаң таза айықсын науқастарың.
 
Бала-шаға, ағайын бауырласың,
Аға-бауыр, дос-жаран ауылдасың.
Құрығына ілініп аждаханың,
Аты жаман тұмаумен ауырмасын!
 
Сарқылмасын төзім мен күй несібең,
Адалдықпен әрқашан үйлесіпең.
Қуаныштың көз жасы тамшыласын,
Ақ қалатты жандардың инесінен!
 
Шаттық күндер көктеммен бірге келсін,
Ертең Әлем сауығып түрленер шын!
Ақ қалаттың жағасы кірлесе де,
Ақ жүрегің дәрігер кірлемесін.
 
Көрінбейді-ау көзіме жау бүгінгі,
Сақта Құдай халқым мен бау-гүлімді.
Көк жөтелмен күрескен мейірбаным,
Үш қайтара тілеймін саулығыңды!
Үш қайтара тілеймін саулығыңды!!!
 
Манарбек Қыдырбайұлы