жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
09.06.2021
"Алтын балапан " ертегісіне 5 жыл
Кішкентай көрермендеріміздің сүйікті қойылымдарының біріне айналып, сахна төрінде үздіксіз ойналып келе жатқан "Алтын балапан" ертегісіне 5 жыл! Балақайларды баурап алған "Алтын балапан" ертегісінің ғұмыры ұзақ болсын!
Авторы – Виктор Орлов
Режиссёры – Болат Абдрахманов
Қазақ тіліне аударған – Нұрханым Дүкембаева
Пьесадағы өлең жолдарының қазақша аудармасы – Байқал Байәділов
Суретші – Ляйля Набиева
Киім үлгісінің суретшісі – Маймура Топанбаева
Композитор – Арман Ищанов
Концертмейстер – Сәуле Мустафина
Кейіпкерлер мен рольдерді орындаушылар:
Алтын балапан – Асланбек Шайсұлтанов
Қасқыр – Ержан Әубәкіров
Түлкі – Гүлнұр Қожанова
Қу түлкі мен көкбөрі Қасқыр Шұбар тауықтың алтын жұмыртқасын жымқырып алып, одан күн сайын алтын жұмыртқа басып беретін тауық шығатынына, аяқ астынан байып кететіндеріне сенімді. Бірақ жұмыртқаның ішінен тауық емес, қораз дүниеге келеді. Түлкінің барлық армандары мен мақсаттары жүзеге аспай қалады, ал Қасқыр мейірімді, қамқоршы әке роліне ене бастайды, бұл оған ұнайды.
«Алтын балапан » – ең кішкентай көрермендерімізге арналған ертегі.