жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
30.05.2021
XXIV театр маусымы жабылды
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры кезекті театр маусымын "Шыңғыс хан " драмасымен жапты. Авторы – Елена Баранчикова, режиссері Мұратбек Оспанов. Спектакль соңында театр басшысы Мұратбек Үкібайұлы қорытынды сөз сөйлеп, жыл бойғы көрермен сауалнамасы арқылы анықталған үздік актер мен үздік актрисаның есімін жариялады. Жылдың үздік актрисасы ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Маржан Бөкешова деп танылса жылдың үздік актері Еркебұлан Төлеуов болды. Жеңімпаздарға арнайы статуеткалар мен дипломдар және гүл шоқтары табысталды.
Сонымен қатар театр маусымының жабылуына арнайы келген облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы құттықтау сөз сөйлеп театр артистеріне арнайы алғыс хаттар мен қоса гүл шоқтарын ұсынды.