жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
Кеше "Эволюция" әдеби - музыкалық композицияның алғашқы премьерасы сәтті өтті. Бұл жас режиссер Аян Алимбаев пен театрға жаңа келген жас буын артистердің бірлесіп жасаған алғашқы жұмысы. Спектакльде камералық театр үлгісі қолданылған. Көрермен орны 30 адамға ғана шақталған.
Шетел және қазақ авторларының шығармаларының желісімен сахналанған қойылым бүгінгі қоғамдағы белең алған жастардың жауапсыз махаббаты мен көзсіз құштарлығы қақында сөз қозғайды. Қойылымның басты ерекшеліктерінің бірі артистердің бойындағы жастық жалын мен еркіндік көрерменді өзіне тартпай қоймайды...
Спектакль +18 жастан асқан жас көрермен аудиториясына арналып сахналанған.
Бүгін премьераның екінші күні
Басталуы: 18:30
Театр өмір айнасы. Театрда жолығайық қадірлі көрермен!!!