жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры пилоттық режимде 29 сәуірден бастап "ASHYQ" қолданбасын іске қосатынын хабарлайды. "Ashyq" қолданбасының негізгі функциясы, көрерменді коронавирус қауіпінен қорғау.
Қызметі шектелген қоғамдық орындарға "Ashyq" мобильді қосымшасындағы QR-кодты көрсету арқылы кіруге мүмкіндік береді. Қосымшада қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.
Қызыл – амбулаториялық бақылаудағы адамдарға беріліп, үйде оқшаулануы қажет екенін көрсетеді.
Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.
Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.
Жасыл – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқтығын білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.
Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада театрға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар, олар театрға келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады.