жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Туылған күніңізбен!!!
Театрымыздың негізін қаласушылардың бірі, ҚР "Мәдениет қайраткері" төс белгісінің иегері, актриса Жанар Сатыбайқызын 50 жасқа толған мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құсайынова Жанар Сатыбайқызы ширек ғасыр бойы өзінің дара талантымен көптің көңілінен шығып көрерменнің ақ батасына бөленіп, қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосып келеді. Оның ойнаған рөлдері көрген жанның жүрегін ұдайы баурап алады. Театр ірге тасы қаланғалы бері Көкшедегі қазақ театрында табанды қызмет атқарып келе жатқан Жанар Сатыбайқызының еңбегі ұшан теңіз. Алдағы уақытта да өз өнерімен театр көрерменін тәнті етіп қанатын кеңге жайып самғай береді деп сенеміз!
Әріптесімізге өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз. Өнер мен өмірде қол ұстасқан қосағыңыз Қайрат Мамытұлымен бірге жасай беріңіздер! Ойға алған арман - мақсаттарыңыз орындалып, бала - шағаның қызығына бөлене бергейсіздер! Басыңыз аман, деніңіз сау, бауырыңыз бүтін болсын!!! Тәңір тілеуіңізді берсін!
БІЗ СІЗДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІЗ!!!