жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"ТАЛАНТ ТҰҒЫРЫ" жобасы
Театр өнері десе, ішкен асын жерге қоятын өнер сүйер әлеумет!
Биылғы жыл күллі ғалам үшін, оңайға соқпай тұрғаны әмбеге аян. Әр қиындықтың артында, еселеген қуаныш барына сенетін, текті елдің ұрпағымыз. Сондықтан барша көрермендеріміздің есендігін тілей отырып, театр ұжымы кезекті онлайн жұмысын жалғастыруға көшті. Руханият ордасына құштар көрермендерге театрдағы таланттардың өнерімен өмірін кеңірек насихаттау мақсатында, "Талант тұғыры " атты сұхбат бағдарлама даярлануда. Жобамыздың алғашқы қонағы ҚР Халық әртісі Жібек Бағысова.
Сұхбат 2020 жылдың 13 - қарашасынан бастап театрымыздың ютуб арнасынан көрсетіледі. Сүйікті артистеріңіздің жұмбақ әлеміне қызықсаңыз театр сайты мен ютубтағы арнасын назарда ұстаңыз!!!
Карантин кезінде баршын тартып, құлазыған көңілдеріңізді көтеру үшін басқа да жақсы жобалар ойластырудамыз. Бізбен бірге болыңыздар!!!