жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
ХХІV театр маусымының ашылуы
Қадірлі көрермендер!
Бүгін театрдың ХХIV - маусымы Рэй Кунидің «№13» комедиясының онлайн премьерасымен ашылды.
Режиссері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов
Қоюшы суретшісі: Жарасхан Исин
Рэй Кунидың бұл пьесасында премьер - министрдің көмекшісі Ричарт Уилли сүйкімді көңілдесімен бірге, қонақ үйде жасырын кездесіп көңіл көтеруге келеді. Өкінішке орай жоспарлары күл-талқан болып, күн сәтсіздікпен басталып шырғалаңға салады. Себебі, ойламаған жерден бұл екеуі жатқан қонақ үй бөлмесінің терезесіне қыстырылып жан тәсілім еткен ер адамның денесі (мәйіті) табылады. Осылайша нағыз шытырман басталады. Бұлардың бұл оқиғаны полицияға хабарлауға ұүлқы жоқ. Полицияға хабарлаған жағдайда жасырын кездесуші екеудің де күллі аброй – атағына нұқсан келмек. Неге десеңіз дәл осы сәтте Ричард Уилли саясаткерлердің тікелей эфирде өтетін пікірталасына қатысу керек-ті. Ал бұл болса көңілдесімен қонақ үйде жүр... Оқиға әрмен қарай түрлі-түрлі күлкілі оқиғалармен толысып шиеленісе түседі. Бастарына бәле боп жабысып сарсаңға салған мәйіттен бұл екеуі қалай құтылмақ? Оқиға немен тынады? Бәрін білуге құмарсаңыз премьераны тамашалаңыз!
Қойылымды театрдың сайтынан немесе ютубтағы каналынан тамашалай аласыз.