жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Отан отбасынан басталады дейді дана халқымыз. Айналамызда өзгеге үлгі боларлық өнерде де өмірде де қол ұстасып бірге жүрген жарасымды жұптар жетерлік. Солардың бірі театрымыздың ірге тасын қаласушылар ҚР Мәдениет қайраткерлері Қайрат Мырзаболатов пен Жанар Құсайынова. Олардың театр өнеріне қосқан үлесі ұшан теңіз. Өнерімен де өмірімен де бүгінгі жастарға үлгілі жұп. Сонымен қатар күллі әулетімен өнерге ден қойып шаңырағын шаттыққа бөлеп жүрген ҚР Мәдениет саласының үздігі театрымыздың талантты актрисасы Маржан Бөкешова. Маржанның өмірлік серігі де Саян Мұхамедияров қазақтың қара домбырасын серік еткен дәстүрлі әнші, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің басшысы. Ал балалары Айғаным мен Мирас жас болсада әке-шешелерінің жолын қуып кішкентайын бастап театр сахнасында эпизоттық рөлдер ойнап жақсы жақтарынан көрініп жүр. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің дейді бабаларымыз. Осындай өнерге құштар тату-тәтті шаңырақтарда өсіп-өнген ұрпақтың келешегі кемел болмақ. Барлық әріптестерімізді бүгінгі отбасы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Керегелеріңіз кең терезелеріңіз тең болсын!!!