жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай енгізу туралы жарлығына сәйкес Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры 2020 жылдың 15 наурыз күнінен бастап өз жұмысын онлайн түрде жалғастыруға көшті.
Сол себепті театр сүйікті көрермендері үшін «Театр Сіздің үйіңізде» атты жобасын құрастырып енгізді. Бұл жобаның мақсаты – әлемді шарлаған індеттен сақтану үшін көрермендердің денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көрермендерге жақын болу және театр тынысын жандандыру. Жобаның ерекшелігі – бұрын соңды театр көрермендері театрға келіп қойылымдарды тамашалау арқылы рухани қазына алса, осы қиын сәтте театр көрерменнің көңілін табу мақсатында онлайн түрде қойылымдар көрсетеді.
Арнайы онлайн түрде ойналатын қойылымдардың репертуары құрылып, театр сайтына (http://kazdramteatr.kz/ - театр сайтының сілтемесі) жүктелді.
Сонымен қатар, театр қызметкерлері онлайн түрде үй жағдайында өз жұмыстарын жалғастыруда, оған дәлел бейнематериалдар және түсірілген фотолар театрдың интернет желілеріндегі парақшаларында жарияланып көрсетілген.