жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
БҮГІН МЕРЕЙЛІ КҮН
Осыдан 24 жыл бұрын Ғ.Мүсіреповтың "Ақан сері Ақтоқты" спектаклімен Көрікті көкше төрінде Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының тұсауы кесілді. Тәй-тәй басқан жас театрдың алғашқы қойылымын сахналаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, талантты режиссер Жақып Омаров еді. Сол кезде театрдың негізін қаласушы болып келген жанкешті таланттар, бүгін де театрдың аға буынына айналып үлгерді.
1996 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап, ел руханиятына еселі үлес қосып келе жатқан өнер ордасы, талай бел-белестерді бағындырып, өз көрермендеріне татымды әрі өресі биік қойылымдар ұсынып келеді. Театр алдағы уақыттада өз асқарына қанат қағып, өнерге құштар көрерменді қуанта бермек.
Әріптестерімізді және барша сүйікті көрермендерімізді, көктем шуағымен жарыса жеткен мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Театрымыздың абыройы асқақтап, көптеген шығармашылық шыңдарды бағындыра беріңіздер! Бастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
Театр деп соққан жүректеріңіздің бүлкілі тоқтамасын!!!