жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
АЛДАҒЫ ҰЛЫС КҮНІНЕ ОРАЙ...
Наурыз айының 13-і мен 20-сы аралығында ұлыс күніне орай балаларға арнап "Құлыншақ пен бөлтірік" ертегісі ойналады. Авторы: Жақып Омаров, режиссері: Қуандық Қасымов. Қойылымның сюжет желісі бір-біріне ежелден дұшпан табиғат перзенттері жылқылар мен қасқырлардың өзара тартысымен өшпенділігі жайында өрбиді. Пәк көңілдерін әлі кектесу сезімі мен зұлымдық жайламаған құлыншақ пен бөлтіріктің адал достығы мейірімділік пен татулыққа жол салады. Спектакль жас ұрпақты достыққа, адалдыққа, жақсылыққа, мейірімділікке үндейді. Сонымен қатар ертегімен бірге режиссер Фархатбек Қанафин сахналаған "Ертемірдің ерлігі " атты ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады. авторы Манарбек Қыдырбайұлы. Бағдарлама барысында түрлі ұлттық ойындар өткізіліп, наурыз мерекесінің мән-мағанасы түсіндіріледі.
Ал наурыз айының 20-сы мен 25-і күндері аралығында ересектерге арналған "Жаңа күн " тамаша-концерттік бағдарламасы даярлануда. Концерт барысында әсем ән мен әсерлі әзілдер ұсынылады.
Байланыс нөмірі: 40-10-08, 25-43-10