жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
АЛДАҒЫ ҰЛЫС КҮНІНЕ ОРАЙ...
Наурыз айының 13-і мен 20-сы аралығында ұлыс күніне орай балаларға арнап "Құлыншақ пен бөлтірік" ертегісі ойналады. Авторы: Жақып Омаров, режиссері: Қуандық Қасымов. Қойылымның сюжет желісі бір-біріне ежелден дұшпан табиғат перзенттері жылқылар мен қасқырлардың өзара тартысымен өшпенділігі жайында өрбиді. Пәк көңілдерін әлі кектесу сезімі мен зұлымдық жайламаған құлыншақ пен бөлтіріктің адал достығы мейірімділік пен татулыққа жол салады. Қойылым жас ұрпақты достыққа, адалдыққа, жақсылыққа, мейірімділікке үндейді. Сонымен қатар ертегімен бірге режиссер Фархадбек Қанафин сахналаған "Қыдыр атаның қызықтары " атты ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады. Бағдарлама барысында түрлі ұлттық ойындар өткізіліп, наурыз мерекесінің мән-мағынасы түсіндіріледі. Ал наурыз айының 20-сы мен 25-і күндері аралығында ересектерге арналған "Жаңа күн" тамаша-концерттік бағдарламасы ұсынылады. Концерт барысында әсем ән мен әсерлі әзілдер ұсынылады.