жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ЕСТЕН КЕТПЕС КҮН
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театр ұжымы қаңтар айының 11-ші жұлдызы күні тұмса табиғатымен көз арбайтын Зеренді елді мекеніндегі «Сұңқар» сауықтыру кешенінде көңілді демалып қайтты. Ең алдымен сананы сергітіп жанды жадырататын керемет демалысты жоғары деңгейде ұйымдастырған театрымыздың кәсіп одақ комитетіне алғыс білдіреміз. Демалыс барысында қаладағы қалыпты тірлікті ысырып тастап, рауандап атқан қысқы таңның шапағына шомылып, таудың саф ауасын жұтып, үлкен кішімізге қарамай бала кейіпке еніп қардан сырғанап ойнадық. Сырғанақтан шыға сала, зеңгір көкке қол созған қарағайлардың арасымен шаңғы теуіп бойымызды қыздырып энергия жинадық. Түс ауа ыстық моншаға кіріп бассейінге шомылып армансыз тынықтық. Бұл сауықтыру кешенінде демалушыға барлық жағыдай жасалған екен, мәселен бір сәт көз шырымын алам десең тынығу бөлмесі бар. Соны мен қатар денемді шынықтырам десең жаттығу залына баруыңа болады. Жаттығу залында зіл темір мен қатар тенис, бильярд және тағы басқа жабдықтармен жасақталған. Көңілің қалағанымен айналыса аласың. Театр қызметкерлері күн батқанға дейін көңілдері қалауынша демалып жұмыстан тыс емен-жарқын әңгімелесіп риясыз ойнап күлді. Демалыс кешенінен үш мезгіл дәмі тіл үйірер ыстық тағамдар ұсынылды.
Осылайша 2020 жылдың басы ұжым үшін ғаламат көңіл күймен басталды. Бұл бір естен кетпес күн болды.