жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
АРУ ҚЫЗ БЕН ҚҰБЫЖЫ
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық - драма театры жаңа-жыл қарсаңында «Ару қыз бен құбыжық» атты таңғажажайып музыкалық ертегіні сахналап, кішкентай көрермен назарына ұсынды. Қойылымның алғашқы тұсаукесері 20-шы желтоқсан күні өтті. (Туындының авторы Анастасия Краснощенкова, қоюшы режиссері Фархатбек Қанафин, қазақ тіліне аударған Серік Жетпісқалиев, киім үлгілерінің суретшісі Маймұра Топанбаева, қоюшы суретшісі Ирина Лунга, хормейтер Сәуле Мұстафина). Бүлдіршіндеріміз бұл ертегімен бұрын теледидар арқылы таныс болса, осы жолы сүйікті кейіпкерлерін театр әртістерінің шебер ойнауында сахнадан көріп көзайым болды. Ертегінің қысқаша сюжеті былай: «Өткен заманда алыс бір өлкедегі зәулім сарайда бір ханзада өмір сүреді. Бір күні қыстың қақаған суығынада оның сарайына бір егде жастағы әйел келеді де жалғыз раушан гүлін ұсынып, есесіне сол сарайда түнеп шығуға рұқсат сұрайды. Егде әйелдің ұсқынсыз түрінен жеркенген ханзада ұсынған гүліне мұрнын шүйіріп, әйелді қуып шығыпты. Алайда әйел ханзадаға адамның сыртқы келбетіне алданбай ішкі жан-дүниесіне үңілуді ескертеді. Ханзаданың жүрегінде мейірім жоқ екеніне көзі жеткен сиқыршым оны жазалау үшін алып құбыжыққа айналдырып, сарай мен оның тұрғындарын қарғыс дуасымен дуалап үй жихаздары мен ыдыс –аяққа айналдырып тастайды . Сөйтіп мазасыз күдер өтіп жатады. Бір күні сарайға орманда жүріп жолдан адасқан белгісіз адам келеді. Оны мейірімсіз құбыжық тұтқынға алып торға қамап тастайды. Бедгісіз жан Белль атты ару қыздың әкесі еді. Әкесін іздеп Белльда сол сарайға аяқ басқан бойда оқиға шиырлана түсіп көрерменді өзіәне баурап алады... Шытырманға толы оқиғалардың соңында ару қыз құбыжықтың бойындағы мейірім мен сүйіспеншілік сезімін оятып сарайдағылардың барлығы бұрынғы адам кейпіне оралады.» Қойылым балалардың көңілінен шықты деуге толық негіз бар. Оған балдырғандарымыздың қошеметі куә. Бұл тынымсыз ізденісте жүретін театр әртістері мен режиссердің еңбегінің бірден бір жемісі деуге толық негіз бар. Ертегінің негізгі айтар ойы адамды бақытты ететін тән сұлулығынангөрі жан сұлулығы дегенге саяды. Ертегі бүгінгі ұрпақты адамгершілік пен имандылыққа баулиды. Әртістер ойынына қысқаша тоқталсақ. Мәселен адам түгіл, тірі жәндікке залал келтірмейтін, жүрегі мейірімге толы, ақ ниетті ару қыз Белльдің бейнесін (арт.Гүлнұр Қожанова) өз деңгейінде әдемі алып шықты. Ал тәкәпарлық пен менмендіктің кесірінен Құбыжыққа айналған, өз өткен өміріне өкінішпен қарайтын ханзада бейнесін, театр труппасына жаңадан қосылған жас дарын (арт. ЖомартСағындықов ) өзіндік ерекшеліктерімен көрерменді баураса, Белльдің әкесі Мористі ҚР Мәдениет қайраткері (арт. Қайрат Мырзаболатов) қарапайым шаруа өкілін әдемі детальдар арқылы жақсы жеткізді. Қаладағы паң жігіт Гастонның рөлін (арт. Марат Шакар) пластикалық негізде көркем қимыл-әрекет арқылы жоғары дәрежеде алып щықты. Үй қызметкерлері болып жүріп сиқырлы дуаның күшімен үй жиһаздарына айналып кеткен Люмьер (арт. Еркебұлан Төлеуов), Когсворт (арт.Бауыржан Жамшитов ), Поттс (арт.Ғалия Қорабаева ), Фифи (арт. Әсем Серікова ) төртеуі сахнада тамаша бір тұтас ансамбль ретінде көзге түсіп, щынайы әрі қызықты ойындары арқылы бүлдіршіндердің жүрегін баурап алды. Жалпы теар сахнасындағы көркем туындыларға ерекше әр беретін жарық берушілер мен әуенмен әрлеушілер, бет әрлеушілер мен кастюмершілердің де еңбегі зор. Олар көп жағдайда назардан тыс тасада қалып жатады. Шын мәнінде зіл батпан күштің бір жағы солардың мойнында екенін айта кеткен жөн. Сол қажымас жандардың бірі Бекенова Ботагөз бастатқан театрымыздың тігін цехындағы он саусағынан өнер тамған, шебер қызметкерлері. Олардың қаншама күн, көздің майын тауысып, ине мен жіпті серік етіп тігетін сан түрлі кастюмдерінің бағасын көрермен жұрт біледе бермейді. Осы жолыда көп тер төгіп тамаша кастюмдерді сахынаға жарқыратып жолдаған өз ісінің майталмандарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Театр ұжымы жаңа жыл қарсаңында сахнадағы ертегімен ғана шектелмей театрдан тыс алыс-жақын ауылдарда «Жаңа жылдық хикая» атты ертегі мен қызықты ойын-сауық бағдарламасынмен іс-сапарлар жасап, жас көрермендерді қуантуда (Реж Болат Абдрахманов). Мысалы, театрдың шығармашылық ұжымы күннің суықтығына қарамай , сары арқаның сайын даласын бетке алып, желтоқсанның 23-і күні шалғайдағы Саумалкөл елді мекеніндегі жетім балалар үйне барып, бүлдіршіндердің көңілін аулап, жаңа жылдық сыйлық әрі қайырымдылық ретінде тегін ертегі ойнап, шырша маңында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен тамаша думан өткізді. Ата-ана мейірінсіз қалған балақайлар театр әртістерін көріп күліп-ойнап, бір марқайып жандары жадырап қалды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Манарбек Қыдырбайұлы
Әдебиет бөлім меңгерушісі