жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ГАСТРОЛЬ СӘТТІ ӨТТІ...
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық құрамы қазан айының 14,15,16-сы күндері Қарағанды қаласында гастролдік іс-сапарда болды. Сапардың алғашқы күні мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне арнап Виктор Орловтың «Алтын балапан» ертегісі тарту етілді. Режиссері Болат Адрахманов. Ал екінші күні театрға құштар көрерменге екі мәрте Иззат Сұлтановтың «Отбасылық құпия» комедиясы көрсетілсе (Режиссері Болат Абдрахманов) үшінші күні У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедисы ұсынылып зор қошеметке бөленді (Режиссері Дина Жұмабаева). Ересектерге арналған қойылымдар Қарағанды қаласындағы К.Станиславский атындағы орыс драма театр сахнасында ойналды. Театр ұжымы мен басшылығына және бізді қолдап келген жаны жайсаң көрерменге зор алғыс білдіреміз!










