жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"Қадір таңы" психологиялық драмасының тұсаукесері сәтті өтті...
Кеше Райхан Ибраеваның "Қадір таңы" психологиялық драмасының тұсаукесері сәтті өтті. Режиссері ҚР "Еңбек сіңірген қайраткері" Мұратбек Оспанов. Бұл туындыда сан-түрлі тағдырлар тоғысқан. Шығармада мүлде таныс емес бөгде жандар, аз уақыттың ішінде сезім сергелдеңіне түсіп, бір-біріне құлай ғашық болады. Махаббаттың шырмауына түскен олардың көкейіне күдік пен үміт қатар ұялап, өз кедергісін жасап бағады. Бұл қойылымнан ынтызарлықты ғана емес сатқындық пен екі жүзділікті де байқай аласыз. Спектакльге бір қырынан көз салсаңыз бүгінгі қоғамды алаңдатқан жалғыз басты аналар мен жас қыздардың тағдыры баяндалады. Ал тағы бір қырынан қарасаңыз қаракөз қыздарымызды жеңіл жүріске баулитын, ар ұятты аттаған жеңгетайлық мәселесіде ашық айтылады. Кейде сіз ең жақсы танитын, жақын санап жүрген жанның шын мәнінде қандай адам екенін ғұмыр бойы білмей өтуіңіз бек мүмкін. Мында тіпті ол жайлы да сөз болады. Қойылым арқылы әр пенде өзгенің емес өзінің жүрек қалауын орындаса ғана бар қиындықты жеңетінін түсінесіз. Қадір таңының қалай атқанын көргіңіз келсе театрға асығыңыз!
Бүгінде премьра өз жалғасын табады.
Басталуы: 18.30
Қапы қалмаңыздар!