жаналыктар
-
12.02.2026
Театрымыздың администраторы Кеңшілік Рысбайқызы
Өнердегі өмір жолы жайлы "БҰҚПА!" газетінде мақала
-
10.02.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
«АЛТЫН ҚАҚПА» Комедия, авторы:Е.Уахитов, қоюшы-режиссер: М.Оспанов ҚР "Еңбек сіңірген қайраткері"
-
09.02.2026
Мұзбалақ , жыршы Мұғали Мақатаевтың туған күні!
Қазақ поэзиясының Символы!
-
27.01.2026
Гастрольдік сапар
Ақмола облысы Зеренді ауданы
Жаңа маусым - жаңа премьера!
Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облысының қазақ музыкалық драма театрының XXIII-маусымы 2019 ж. 25-қыркүйек күні сағат 18:30- да отандық драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Өтірік айтпайтын адам» трагикомедиясымен яғни жаңа премьерамен ашылады.
(Қоюшы режиссері: Мұратбек Оспанов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Қоюшы суретшісі: Маймұра Топанбаева)
Қойылымның ұзақтығы: 1 сағат 20 минут.
Отандық драматург С.Балғабаевтың бұл шығармасы қоғамда белең алған жемқорлық, сатқындық, парақорлық сияқты жағымсыз жайыттарды арқау еткен. Бас кейіпкердің бірі Ескендір қарапайым халыққа үй салып берем деп, бар ақшаны алып, өз сыбайластарымен бірге үлескерлерді тақырға отырғызып кетеді. Кейін қылмыстары ашылып, сотқа жетіп, үстілерінен іс қозғалады. Тығырыққа тірелген Ескендірдің әйелі Динара ешқашан өтірік айтпайтын, ақшаға алданбайтын Гүлжамила атты шетелдік адвокат іздеп табады. Ақыры тапқан адвокаты Ескендірдің бұрынғы ғашығы боп шығады. Осылайша оқиға ширыға түседі. Автор пьесадағы әр кейіпкердің мінез-құлқы арқылы біздің елде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың қатты белең алғанын меңзейді...
Құрметті театр сүйер қауым! Театрдың жаңа маусымындағы жаңа қойылымның куәгері болуға асығыңыздар!