жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
22.04.2019
Қазақ театрында жаңа қойылым сахналанды
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының репертуары тағы бір тың қойылыммен толысты. Сәуір айының 21-і күні қазақтың маңдай алды классик жазушы–драматургі Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясының премьерасы сәтті өтті. Режиссері ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері» Мұратбек Оспанов бұл жолғы махаббат дастанын бұрынғылардан өзгеше сарында сахналап, шығарманың тереңіне үңіле түскендей. Олай дейтін себебіміз, сіз бұл жерден кимешек киген әже мен тақия киген ата көрмейсіз. Қойылымда бастан аяқ театрдың жастары ойнайды.