жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ОСЫ ЖЕКСЕНБІ КҮНІ ПРЕМЬЕРА!
21.04.2019ж.
Мəңгілік махаббат дастанына айналған, қос ғашық Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызы түрік тектес ұлттардың бəріне ортақ құнды жəдігер. Талай ақын -жазушының қаламын тербетіп, көптеген көркем туындылардың бас қаһарманына айналған қос мұңлықты білмейтін жан кемде-кем.
Біздің өнер ордамызда сахналанып жатқан шығарма қазақтың ұлы классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтің қаламынан туған трагедия. Спектакль сөздің парқын түсінер, өнерге ынтық жанға, мол рухани азық берері сөзсіз.
Бұл жолғы Қозы мен Баян бұрынғылардан бөлек болмақ. Олай дейтін себебім режиссер Мұратбек Оспанов шығарманың парқына терең бойлап өзіндік ерекшеліктерімен жұмыс жасауда. Ол қандай ерекшеліктер екенін білгіңіз келсе 21 - сәуір күні сағат 17:00-де театрдан табылыңыз!

