жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
ЖАНАРЫНДА ЖАСЫН ОЙНАҒАН ЖАСТАР...
«Жастар жылына» орай көптеген ізгі бастамалар қолға алынуда. Соның бірі кеше ғана театр төрінде тұсаукесері өткен У. Шекспирдің «Макбет» трагедиясы. Олай дейтін себебіміз қойлымда толықтай дерлік Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары Мәдениет колледжінің «Драма театр артисі» мамандығының 4 –ші курс студенттері ойнады. Жастардың сахнадағы шеберліктері көпшілікті тәнті етті. Қойлымның режиссері ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері» Мұратбек Оспанов жастармен етене жұмыс жасап жан-жақты аша білген. Студенттердің осындай биік деңгейде өнер көрсетулерінің тағы бір себебі курс жетекшісі Маржан Арыстанбекқызының еңбегі деп білеміз. Әлем әдебиетінің жауһары болып табылатын бұл шығарма, әйгілі Уильям Шекспирдің қаламынан 400 жыл бұрын туса да, әлі күнге дейін өз құндылығын жоймай күллі әлем сахналарының сәні болып келеді. Негізгі оқиға бас қаһарман Шатландия королі Макбеттің айналасында өрбиді. Шығармадағы кейіпкерлер тартысы арқылы бақ таластық пен тақ таластықтың, зұлымдық пен сатқындықтың не екенін айқын аңғарасыз. Леди Макбеттің азғыруымен қаңға құмартып, билік пен мансапқа жету жолында ештеңеден де тайынбауға бекінген Макбеттің өмірі немен тынарын білгіңіз келсе театрға асығыңыз! Жанарында жасын ойнаған жастардың ойыны сіздіде тәнті етеріне кәміл сенеміз!