жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Театрдағы қос қуаныш!
Ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында театрымызда жан жадыратар жақсы жаңалықтар көп болды.Театрымыздың ірге тасын қалаушылардың бірі әнші, композитор, актер Құмарбек Қалқатаев Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Бұған біздің сегіз қырлы бір сырлы әріптесіміз әбден лайықты. Ол театрдың аяқтан тұрып жоғары серпін алуы үшін, мықтап үлес қосып, аямай тер төкті. Соны мен қатар қазақ эстрадасының ән қоржынын өзінің авторлық әндерімен толтырып келеді. Бұл қуаныш жалғасын тауып Мемілекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, театрымыздың «Әдебиет бөлім меңгерушісі» талай әдеби байқаулардың жүлдегері, жас қаламгер Манарбек Қыдырбайұлы Республикалық байқауында үздік пьеса жанры бойынша жүлдегер атанды. Әріптестерімізді осынау жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс,отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз! Театрымызда жақсы жаңалықтар көп болсын!