жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Театр тағылым айнасы
Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театр жаңа жыл қарсаңында өз көрермендеріне тосын сыйлар дайындау үстінде. Театрдың шығармашылық ұжымы ересектерге арнап «Тамаша-2019» атты әзіл-қалжыңға толы концерттік бағдарламасын ұсынбақ ниетте. Концертте езуге күлкі үйретін скетчтер ойналып әсем ән тарту етілмек. Ал кішкентай балдырғандарға арнап режиссер Болат Абдрахмановтың сахналауымен әйгілі жазушы Джанни Родаридің «Көк жебенің» саяхаты» ертегісі даярлануда. Шытырманға толы ертегі балақайларға үлкен сыйлық болары сөзсіз. Жәнеде театрдан тыс Фархатбек Қанафиннің сахналауымен балаларға арналған «Жаңа жылдық таңғажайып» атты ойын-сауық бағдарламасы дайындығын пысықтауда. Театр тағылым айнасы. Құрметті көрермендер жаңа жыл қарсаңында жандарыңыз жадырасын десеңіздер отбасыңызбен бірге театрға келіңіздер!