жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу іс шарасы
Қараша айының 30-шы жұлдызы күні Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында азаматтардың жат діни ағымдар жетегіне түсуінің алдын алу бойынша ауқымды іс - шара болып өтті. Шара барысында Ж. Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасынан үзінді көрсетіліп, Мұратбек Оспановтың режиссерлігімен «Reflection Studio» студиосы түсірген «Мен мұсылман» қысқаметражды фильмінің тұсауы кесіліп көрерменге жол тартты. Тағылымды шараны тамашалауға Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің студенттері мен ұстаздары катысты. Саналы адамға ой салып тура жолға сілтейтін көптеген дүниелер көрсетіліп, Науан хазірет атындағы облыстық мешітінің найб имамы Алшымбаев Қанат Мұқанғалиұлы жан жылытар жақсы уағыздарын жолдады. Шара соңында театр басшысы Оспанов Мұратбек Үкібайұлы сөз сөйлеп, көрерменге рахмет айтып, Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің басшысы Ыдырысова Құралай Ғазизқызына ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.