жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
"Алып елім - Алашым"
Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрындағы 2016 жылдың 7-ші желтоқсанынан бері репертуардан түспей сахналанып келе жатқан Алаштың ақын ұлы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті степендиясының үш мәрте иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, жерлес ақынымыз - Алмас Темірбайдың өлеңдерінен құрылған «Алып елім – Алашым!» атты әдеби-музыкалық композициясы. Қойылымның қойылуына театр директоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Мұратбек Оспанов арқау болып ой тастаған болса, түгелдей сахналануы, режиссерлік туынды ретінде халыққа ұсынылуы театрдың талантты жас актерлерінің ұжымдық еңбегі. Әлбетте, осы ретте Медет Хамзин бастаған ұйымшыл жастардың ізденісін атап айта кеткен жөн. Керемет әдеби музыкалық кештен тағы бір мәрте сусындап, Қазақтың қара өлеңі арқылы бүгінгі қазақ қоғамының келбетін көргіңіз келсе желтоқсан айының 2-ші жұлдызында сағат 17:00 де театрымыздың төрінен табылыңыз!


