жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
"Сал - серілер" драмасы
Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры XXII - маусымын «Сал-серілер» драмасымен ашты. Су жаңа драманың тұсау кесері 3,4,7 –ші қазан күндері болып өтті. Қойылымға театр актерлерінің барлығы дерлік қатысып, көрерменнің зор қошеметі мен ыстық ықыласына бөленді. Жаны жайсаң, талғамы биік Көкше көрермендері үшін бұл үлкен қуаныш болды. Даланың дара дарындарының өмірі мен өнері кім-кімді болмасын қызықтырары сөзсіз. «Сал-серілер» драмасы Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан шолақ өмірлерінің ең бір қызықты әрі сезімге толы сәттерін бір арнаға тоғыстырған қойылым ретінде көрермен көкейіне қуаныш сыйлады. Тұсау кесердің алғашқы күні Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қойылымды тамашалап, театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, ықылас гүлін табыс етті.












